Балкандағы су тасқыны

Босния және Герцеговинаның солтүстігіндегі Брчко қаласы. 18 мамыр 2014 жыл.

Су басқан үйдің шатырына шығып алған сербиялық тұрғын.

Белград маңындағы Обреновац қаласының тұрғындары эвакуацияны күтіп тұр.

Тасқын суда қалғандарға құтқарушылар көмекке келді.

Хорватияда су басқан елді мекен көшесінде қайықпен жүзіп келе жатқан адамдар.

Хорватияның шығысындағы тасқын су астында қалған автокөліктер.

Сербия тұрғыны су басқан үй ауласында тұр.

Сербияның Обреновац қаласындағы құтқарушылар.

Сараево маңындағы тасқын су жайылған аймақ.

Суда қалғандар құтқару жұмыстарына әртүрлі техника жұмылдырылды.

Обреновац қаласы тұрғынын суда қалған үйінен шығарып алуға көмекке келген сербиялық сарбаздар.

Тасқын су әсерінен жүрген көшкін тұрғын үйлер мен ағаштарды құлатты.

Лай топырақ астында қалған техника.

Табиғи апаттан зардап шеккен елдімекен.

Босниядағы Баня-Лука қаласында су басқан кеңседен жихазды шығарып жүрген әйел.
 

Су тасқынынан эвакуацияланған тұрғындар паналау орталығында жатыр. Обреновац қаласы, Босния, 19 мамыр 2014 жыл.

Белградтағы паналау орталығында отырған Обреновац қаласының қарт тұрғыны.

Сербиядағы Сремска Митровица қаласында суды бөгеу үшін қойылған құм салынған қаптар.