Беларусь командасындағы биатлоншы қазақ

Надежда Скардино жарыстың бірінші...

... және нысана ату кезеңдерінде

Эстафетаны Ирина Кривкодан қабылдап алған Динара Әлімбекова өз кезеңінде Беларусь командасын алдыңғы бестікке шығарды

Жарыстың шешуші кезеңінде Дарья Домрачева бірінші орынға озды

Екінші нысана ату кезінде Дарья Домрачеваға қосымша үш оқ қажет болды. Бірақ спортшы алдыңғы орнын бәсекелестеріне бермеді

Дарья Домрачеваның мәреге бет алған сәті

Беларусь спортшысы мәреге бірінші боп жетті

Дарья Домрачева Беларусь туын ұстап келеді

Дарья Домрачева жанкүйерлердің алдында келді

Эстафеталық жарыста алтын медаль жеңіп алғанға дейін Дарья Домрачева Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында масс-старттан күміс медаль иеленген болатын

Командаластары эстафетаның шешуші кезеңінде мәреге бірінші боп жеткен Дарья Домрачеваны құшақтап, сүйіп жатыр

Бұған дейін 2014 жылғы Сочи Олимпиадасында үш алтынды жеңіп алған Дарья Домрачева биатлон тарихында төрт дүркін Олимпиада чемпионы атанған бірден бір спортшыға айналды

Надежда Скардино, Ирина Кривко, Динара Әлімбекова және Дарья Домрачева марапаттау рәсімінде

Эстафеталық жарыстан Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алған Беларусь биатлон командасындағы төрт қыз