Астана күні мерекесі

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда Астана күніне арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылғы 6 мамырдағы жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілген. Бұрын 10 маусымда аталып өтілетін Астана күні 2008 жылдан бері Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне – шілденің 6-сына ауыстырылып, Қазақстанда мемлекеттік мереке болып жарияланған.