Балалар Алматыны бейнелейді

Биылғы балалар суреттері альбомы Алматы қаласының мың жылдығын тойлауға арналғандықтан «Балалар Алматы әлемін бейнелейді» деп аталады. Жобаға Қазақстанның барлық аймағынан 6,5 мыңнан астам бала қатысты. Аймақтық турлардың қорытындысы бойынша таңдап алынған 3 мыңнан астам жұмыс Алматыға конкурстың ақтық ірктеу кезеңіне жіберілген. Таңдаулы суреттер 1999 жылдан бастап жыл сайын жарияланып келе жатқан балалар суреттері альбомының биылғы жылғы басылымына енгізілді. Альбомның тұсаукесері қыркүйек айында өтпекші.

«Балалар Алматы әлемін бейнелейді» конкурсына ұсынылған коллаж-мозайка.

ЮНЕСКО ұйымының «Балалар әлемді бейнелейді» жобасына қатысқан әрбір балаға сертификат тапсырылған. Финалға қатысқандар диплом алады. Былтыр «Балалар әлемді бейнелейді» альбомына 500-ге жуық жұмыс енген. Қазылар алқасы құрамындағылардың барлығы «Балалар әлемді бейнелейді» жобасы қамқоршылар кеңесінің мүшелері.

Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Амандос Ақанаев: «Балалар шығармашылығы көрмесі қажет, өйткені олар салған суреттердің барлығы баланың бүкпесіз, пәк көңіл-қиялынан шыққан дүниелер. Бүгінгі суреттердің көпшілігі бақытты шақты бейнелейді. Балалар суреті ересектерге қуат беріп, ашық, адал болуға үйретеді».

Қазылар алқасының мүшесі, Алматыдағы Абай атындағы ұлттық педагогика университеті шығармашылық пәндер кафедрасының доценті, суретшілер одағының мүшесі Наталья Михайлова.

Парламент сенатының депутаты, «Балалар әлемді бейнелейді» қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы, балалар суреті конкурсының қазылар алқасы мүшесі Бірғаным Әйтімова.

«Балалар әлемді бейнелейді» қоры қамқоршылар кеңесінің мүшесі, халықаралық шығармашылық академиясының академигі, бизнесмен Ғаббас Бектұров.

«Үздіктер арасынан озығын таңдау – қиын шаруа» дейді балалар суреті конкурсының қазылар алқасы мүшелері.

Балалар суреті конкурсының қазылар алқасы мүшелері іріктеу бірнеше сағатқа жалғасқанын айтады. Таңдаулы суреттер «Балалар Алматы әлемін бейнелейді» альбомына енгізіледі.

15 жастағы Виктория Генлдер салған «Әсем Алматы» картинасы. Бұл жұмыс ЮНЕСКО-ның «Балалар Алматы әлемін бейнелейді» жобасының ақтық іріктеу кезеңінде таңдап алынғандардың бірі. Бұл сурет те өзгелермен бірге осы аттас альбомда жарияланады.

Алматыда ЮНЕСКО ұйымының «Балалар Алматы әлемін бейнелейді» альбомына балалар салған суреттер іріктеліп алынды.