Қырғызстан саяси баспана сұрамақ болған ҚДТ-ның екі белсендісін қамады

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанның екі азаматы Қырғызстанда екі айға қамалды. Қамалған алматылық белсенділер – Асхат Жексебаев пен Диана Баймағамбетова. Олар қырғыз билігінен босқын мәртебесін сұрап барған. Екеуі де бұған дейін Қазақстанда «тыйым салынған ұйымға мүше болды» деп айыпталып, сотталған.