Өскемендегі қандастар суық үйде тұрып, өсімақы төлеуге мәжбүр

Your browser doesn’t support HTML5

Өскеменнің қасындағы қандастар ауылының халқы 13 жылдан бері сапасыз үйде тұрып жатқанына шағымданып келеді. Олар аязды күні үйдің қуыс-қуысын киізбен бітегенін айтады.

"Мәселе үсті-үстіне үйіле берді. Наразы халық билікке жақпады". Өскеменнің қасындағы қандастар ауылының халқы 13 жылдан бері сапасыз үйде тұрып жатқанын айтып шағымданып келеді. Олар аязды күні үйдің қуыс-қуысын киізбен бітегенімен суық баспана тұруға қолайсыз екенін айтады. "Нұрлы көш" бағдарламасымен салынған үйлердің көбі әлі мемлекет иелігінде, бірақ жергілікті депутаттар тұрып жатқан адамдар үйді өздері жөндеп алуы керек дейді.