Адам энергиясы жайлы көрме

Суретші Айнұр Сәденова көрмені перформансымен ашты.

Бірнеше киім ауыстырған суретші осылайша адам ресурсына назар аудартқысы келгенін айтады.

"Абай күні" мультимедиялық жобасы.

Суретші Алмагүл Меңлібаева әр адамның үніне құлақ асу керек деп біледі.

Суретші Асхат Ахмедьяров қазандардан жасаған  инсталляция.

Асхат Ахмедьяров көрмедегі жұмыстардың бәрі бейсаяси екенін айтады.

Ақтөбелік стрит-арт суретшілер Анастасия Лопатина мен Денис Брянцев Джовани Франческо Барбьеридің "Атлас" картинасы желісімен сурет салды.

Суретші Сәуле Сүлейменованың "Жиынтық нүктесі" инсталляциясы.

Нұрбол Нұрахметтің "Соңғы көш" инсталляциясы.

Кей суретшілер мұнай туралы туындылары цензураға ілігіп, ақыры "абстрактілі реализмге" өткендерін айтады. (Бұл туындыға қатысы жоқ).

Туындылардың көбі болашақ энергиясы мен ЭКСПО-2017 көрмесіне сілтейді. 

Astana Art Fest 2016 ұйымдастырушылары қатысушылардың кейбірін конкурс арқылы таңдағандарын, кейбірін жеке шақырғандарын айтады.