Меркель даулы аймаққа барды

Your browser doesn’t support HTML5

Кавказ елдеріне сапарлаған Германия канцлері Ангела Меркель Грузияда жоспарын өзгертіп, Оңтүстік Осетиямен арадағы Одзиси ауылына барды. Ол арғы беттегі Грузия ауылдары мен Ресей базасын дүрбімен көрді. 10 жыл бұрынғы Грузияға қарсы әскери қақтығыста Оңтүстік Осетия мен Абхазияны қолдаған Ресей 2008 жылы 26 тамызда Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін "мойындады". Грузия сол жылы қыркүйекте Ресеймен дипломатиялық байланысын үзді. Тбилисиге сапарлаған шетелдік басшылардың кейбірі Грузияның жер тұтастығын қолдайтындығын білдіріп, Одзиси ауылына соғып кетеді.