Гузал Байдалинованы қамауда қалдырды

Your browser doesn’t support HTML5

Алматының Алмалы аудандық соты оппозициялық Nakanune.kz сайтының редакторы Гузал Байдалинованы тергеу кезінде екі ай қамауда ұстау туралы шешім шығарды. Бірақ, сот егер үш күн ішінде прокуратура тарапынан қарсылық болмаса, Байдалинованы кепілге босатуға рұқсат етті. Құқыққорғаушы ұйымдар мен ЕҚЫҰ журналисті дереу босатуды талап етті.