Австриялық тұтқын Украинада көрген ашаршылық

Жүргіншілер көшеде жатқан жансыз дененің жанынан өтіп кетіп жатыр.

Ол жылдары Украина тұрғындарына көшеде аштан өлгелі жатқан адамды көру әдеттегі жағдайға айналып кеткен еді.

Ашаршылық құрбаны жанында күнделікті тіршілік жайын сөз етіп тұрғандар.

Тек белгіленген тәртіппен ғана берілетін сүт алу үшін кезекте тұрғандар.

Харьковтың колхоз базарындағы сатушылар сүт құйылған шөлмектерді мықтап ұстап тұр.

Харьков көшелерінің бірінде жүргіншілер аштан өлген адамның мүрдесінің жанында тұр.

Аштықтан титықтаған панасыз балалар.

Ашаршылық кезінде көптеген украиндықтар үй-мекенін тастап, азық іздеп босып кетті.

Қараусыз балалар үсті-бастарын биттен тазалап отыр.

Аштықтан халі бітіп көшеде құлап қалған баланың қасынан жұрт өтіп жатыр.

Аштық пен жоқшылықтан титықтаған жұрт Харьковтағы іші қаңырап бос жатқан азық-түлік тарататын кооператив ғимаратының алдына жиналып тұр.

Тротуарларда аштықтан өлгелі жатқан немесе қайтыс болғандардың денелері барған сайын көбейіп келеді.

Бұл адамның мүрдесіне жұрт назар аударды.

Ауылды жердегі мына плакатта: «Мұнда адам жерлеуге үзілді-кесілді тыйым салынады» деп жазылған.

Аштан өлгендерді әдетте ортақ молаға бірге көметін.