Доллар бағамының өсуіне наразылық

Your browser doesn’t support HTML5

Иран астанасы Тегеранда доллар бағамының өсуіне қарсы наразылық болды. Соның салдарынан "Тегеран үлкен базары" аталып кеткен сауда орталығы жұмысын тоқтатты. Ел ішінде бір нөлі шегеріліп "түмен" аталып кеткен Иран риалының долларға шаққандағы бағамы қазір 42 мың 600-дан асып кеткен. Иран соңғы уақытта импортталған өнімдерді доллармен есептеуге қарсы екендігін білдіріп келеді.