Катя Школьниктің Наркомфині

Катя Школьниктің инсталляциясын көруге келгендер әуелі қабырғалары қара түсті матамен қымталған, советтің ескі кинохроникасы көрсетілетін қараңғы бөлмеден бастайды.

Ресейлік фотограф Катя Школьник «Жоғалған уақыттың генетикалық коды» инсталляциясының ашылуында тұр.

Катя Школьник түсірген бұл фотосуреттерде Мәскеудегі Наркомфин ғимараты терезесінен қарағандағы көріністер бейнеленген.

Фотограф Катя Школьниктің көрмесі кураторларының бірі - Мәскеуден келген өнертанушы Виталий Пацюков. Алматы, 28 тамыз 2015 жыл.

Құрылыс сатылары орнатылған бұл бөлмеде Наркомфин ғимаратының ішінде түсірілген фотосуреттер ілінген. Ал еденде – совет заманындағы ұрандар жазылған.

Қазақстанның энергетика министрі Владимир Школьниктің бұрынғы әйелі Татьяна Гарриевна Школьник (сол жақта) қызы Катя Школьниктің көрмесінің ашылуына келгендермен әңгімелесіп тұр. Алматы, 28 тамыз 2015 жыл.

Наркомфин ғимаратының фотолары бір кезде әйгілі болған құрылыс нысанының әбден тозып, қаусағанын көрсетеді.

Фотограф Катя Школьниктің инсталляциясы ашылған күні көрмеде совет композиторларының музыкалық шығармалары ойнап тұрды. Оны рояльде ойнап отырған – киевтік Константин Товстуха осыдан екі жыл бұрын Алматыда өткен халықаралық пианистер байқауында жеңімпаз атанған. Сол жолы байқауға келген музыканттар алматылықтардың үйіне қонақ болып түскен еді. Константин Товстуха Катя Школьниктің анасы Татьяна Гарриевнаның отбасында мейман болған. Инсталляцияның басқа күндері (көрме жұмысы қыркүйектің 28-іне дейін жалғасады) таспаға жазып алынған музыка ойнатылады.

Ресейлік фотограф Катя Школьник «Жоғалған уақыттың генетикалық коды» инсталляциясын көруге келгендер.

Алматыда фотограф Катя Школьниктің «Жоғалған уақыттың генетикалық коды» инсталляциясы ашылды.