Ташкент қазақтарының Наурыз тойы

Балалар мен қарт әйелдер Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Ислам Каримов портретінің тұсында отыр. Мерекелік шараны Қазақ мәдениеті орталығы ұйымдастырған. Ташкент, 21 наурыз 2015 жыл.

Әсел Әдиханова қонақтарға ән айтып тұр.  

Амандасып жатқан әйелдер.  

Қазақтың ұлттық костюмін киген әйел домбырамен ән шырқап тұр.  

Кимешекті әйел.  

Өзбекстандағы Қазақ мәдениеті орталығы жетекшісі Хамза Холмуратов жергілікті телеарнаның біріне сұхбат беріп тұр.  

Өзбекстан телеарналарының бірінде қазақ тіліндегі "Дидар" бағдарламасын жүргізетін журналист Замира Жиенбаева. Ташкент, 21 наурыз 2015 жыл. 

Ташкент облысы Бука қаласында тұратын Құндыз Тұрғынбаева Ташкентте өткен мерекелік шарада ән айтып отыр.  

Ташкент қазақтарының Наурыз тойына мына бір жас жігіт домбырасын ала келген.  

Қазанның қасында тұрған адамдар.  

Қазаннан еттің қамырын түсіріп жатыр. 

Қазанның жанында тұрған ер адам.  

Қадірлі қонақтар қазақтың ұлттық тағамы - ет асудан байқау өткізіп жатыр. 

Наурыз тойы кезінде ет асудан жарыс болды.  

Қазақ және өзбек ұлттық костюмдерін киген қыздар суретінің жанында тұрған әйел мен бала.  

Ташкенттегі Наурыз шарасына келген қонақтар. 21 наурыз 2015 жыл.