Полиция Жеңіс күні бірнеше адамды ұстады

Your browser doesn’t support HTML5

9 мамырда Алматыда полиция бірнеше адам ұстады. Полицияның сөзінше, ұсталғандар "құжаттарын көрсетпеген". Қазақстан халқы 9 мамыр - Жеңіс күнін атап өтіп жатыр. Бұған дейін елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы азаматтарды митингіге шығуға шақырған. Елдің бас прокуратурасы 9 мамырда митингіге шыққандар заңмен жазаланатынын хабарлаған.