Сталинге дауыс беру сәті

Your browser doesn’t support HTML5

1938 жылы маусымның 24-інде Қазақ ССР Жоғарғы Советі депутаттарының сайлауы өтті. Видеода қазақ халқының жүз пайыз "сүйікті Сталинге дауыс бергені" түсірілген. Алматы қаласындағы №6 Сталин сайлау округінен депутаттыққа совет жетекшісі, диктатор Иосиф Сталинннің кандидатурасы ұсынылған. Совет Одағында мұндай дауыс беру шартты түрде ғана өтіп, КПСС кандидаттары партия нұсқауын орындап қана отырған кеңестерге ешқандай кедергісіз сайланған. Тәуелсіз Қазақстан билігі сталиндік қуғын-сүргінді айыптап, құрбандарды ақтау саясатын жүргізіп келеді. Видео Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары орталық мемлекеттік архивінен алынған.