Алматыда Азаттық тілшісін сайлау учаскесінен күштеп шығарып жіберді

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыдағы № 173 сайлау учаскесіндегі комиссия төрағасы Нұржан Ысқақов Азаттық тілшісін "ПТР тестің жоқ" деп, учаскеден күштеп шығарып жіберді. Бас санитар дәрігердің 29 желтоқсандағы қаулысына сәйкес, сайлау кезінде партияның сенімді өкілдері, сайлау комиссиясы мүшелері мен бақылаушылар ғана ПТР тестен өтуге міндеттелген. Журналистерге ПТР тест қажет емес. Бұл ақпаратты 10 желтоқсанда Азаттыққа Орталық сайлау комиссиясының өкілі де растады. Дәл осындай жағдай Алматы қаласындағы № 350 және Алматы облысы Талғар ауданы Жалғамыс ауылындағы №894 және №893 сайлау учаскелерінде болды. Ақпарат таратуға барған Азаттық тілшілерінен комиссия төрағалары ПТР тест талап етті.