BekAir ұшақ апаты жайлы болжамын айтты

Your browser doesn’t support HTML5

Bek Air әуе компаниясы өкілдері 27 желтоқсанда Алматы әуежайы маңында жолаушы ұшағының апатқа ұшырауының себебі туралы болжамымен бөлісті. Компанияның ұшу қызметінің директоры Ерік Сапаров Fokker-100 ұшағынан бір минут бұрын ұшқан ауыр салмақты Airbus 321 ұшағының ілеспе ағыны әсер етіп, ұшақты басқару күрт қиындаған болуы мүмкін деген болжам айтты.