"Коронавирус басталғалы көмек жоқ". Алматыдағы №7 аурухананың қызметкерлері де шағым айтты

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыдағы ең үлкен аурухана қызметкерлері «басшылық дұрыс жағдай жасамады, қорғаныш заттары жеткіліксіз» деп шағынды. Мәселесін айтқандар «басшылық қысым жасайды» деп аты-жөнін жасыруды сұрады. Аурухананың бас дәрігері шағымның бәрін жоққа шығарып, қызметкерлерге көмектесіп жатқанын айтады.