Алматыда полиция жүзге жуық адамды ұстады

Your browser doesn’t support HTML5

6 шілде Алматыда полиция жүзден астам адамды ұстады. Бұл күні Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ қозғалысының жетекшісі Мұхтар Әблязов халықты билікке қарсы наразылық шарасына шақырған. Қазақстан билігі Әблязов акциясын заңсыз деп санайды. 6 шілде - Қазақстанда Астана күні. Бұл мереке Қазақстанды отыз жылдай басқарып президенттіктен кеткен Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келеді.