"Нақты іс жоқ". Экология белсенділері әкімдік жауабына разы емес

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы ауасының ластануын қаланың бас мәселесі деп тануды сұраған петицияға қол қойғандар саны бірер тәулікте 25 мыңнан асты. Үндеуге қала әкімдігі жауап бергенімен, экология белсенділерінің оған көңілі көншімейді. Алматы тұрғындары ауаның ластанғанын соңғы кездері қатты сезе бастағанын айтады.