Алматы Егеубаевтың ісін Астанаға ауыстырды

Your browser doesn’t support HTML5

Астаналық белсенді Айдын Егеубаевқа байланысты Алматыда тағы бір сот отырысы өтті. Ол былтыр «Шығыс Қазақстан облысында 2009-2014 жылдары миллиондаған гектар жер қытайлықтарға заңсыз берілген» дейтін мағынада бірнеше мақала жариялаған. Бұдан соң белсендіні облыстың сол кездегі әкімі болған Бердібек Сапарбаев «абыройым мен намысыма нұқсан келді» деп, сотқа берген. Кейін мақалаларда аты аталған «Бәтуа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де белсендінің үстінен сотқа арыз жазған. Осы арыз негізінде 17 қарашада кезекті сот отырысы өтті.