Шерхан Мұртазаның өмірі мен өнегесі

Your browser doesn’t support HTML5

Жазушы Шерхан Мұртаза 86 жасында дүниеден өтті. Ол 1932 жылы Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданында дүниеге келген. 55 жылы Мәскеудегі Ломоносов университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. "Лениншіл жас", "Социалистік Қазақстан" газеттерінің редакторы, Қазақстан мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарған. Қазақстанның жоғарғы кеңесінде, кейін парламент мәжілісінде депутат болған. Жазушы "Қызыл жебе", "Тамұқ", "Ай мен Айша", "Қара маржан" тәрізді бірнеше роман жазған. Одан бөлек ондаған әңгіме-повестері бар.