Жұмысшылар жанжалынан соң Қытайдың 33 азаматы елден шығарылды

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы облысындағы Қызылағаш ауылы тұсындағы қазақ-қытай жұмысшылары арасындағы төбелестен кейін бес қазақ азаматы қамауға алынып, ондаған қытай азаматы еліне депортацияланған. Қамаудағы адамдарға қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша іс қозғалған. Қамалғандардың қорғаушысы мен қоғам белсенділері бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп тергеудің қалай жүріп жатқанын баяндады.