"Аяғынан ұста!". Полиция жүздеген адамды бөлімшеге әкетті

Your browser doesn’t support HTML5

9 маусым түстен кейін Алматыда полиция орталық көшелердің бірін қоршап, Панфилов көшесі бойында жүрген ондаған азаматты ұстады. Азаттық тілшісінің көзінше полиция жеті-сегіз газельге адамдарды толтырып алып кетті. Полиция "Не үшін азаматтарды ұстап жатсыздар?" деген Азаттық тілшісінің сұрағына жауап бермеді.