"Тоқаев, рақмет!" немесе АЭС бойынша жария талқы қалай өтті?

Your browser doesn’t support HTML5

Алматы облысы Үлкен ауылында АЭС салу жобасы бойынша жария талқы өтті. Тар залдағы жиында салмақты пікірталастан гөрі эмоцияға берілу, айғай-шу көп болды. Құрылысты жақтайтындар мен қарсылар бірін-бірі тыңдауға тырыспады. Пікір айтпақ болғандардың кейбіріне микрофон берілмеді. Екі жаққа бөлініп өзара дауласқандар ортақ мәмілеге келе алмай тарады.