Шымкенттегі 59-мектепте үш ауысымда оқиды

Your browser doesn’t support HTML5

Шымкенттегі Қайтпас-2 шағын ауданындағы 420 балаға шақталған 59-мектепте 1502 оқушы үш ауысымда оқиды. Таңғы сағат 8:15-те басталатын сабақ сағат 19:25-те аяқталады. Мектептегі 62 сыныптың әрбірінде 18-22 баладан бар. Сыныптардың тарлығынан үш парта біріктіріп қойылып, оқушылар сығылысып отыруға мәжбүр. Шенеуніктер Шымкентте тағы он бір мектеп осындай мәселеге душар болуы мүмкін екенін айтады.