Қазақ-өзбек кеденінен өту оңайлады ма?

Your browser doesn’t support HTML5

Шавкат Мирзияев Өзбекстан президенті болып сайланғаннан кейін көршілес елдермен қарым-қатынасын жақсартатынын, шекарадағы барыс-келісті күшейтетінін хабарлаған. Биыл қаңтар айында Самарқан мен Ташкент арасын жалғайтын, бірақ Қазақстан арқылы өтетін төте жолды ашу жөнінде Өзбекстан ұсыныс жасаған. Осыған орай "қазақ-өзбек шекарасынан өту де де оңайлапты" деген пікірлер айтыла бастаған. Азаттық тілшісі бұл жайлы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жібек жолы елді мекеніндегі қазақ-өзбек кеден бекетінен өтушілерден сұрастырып көрді.