Адвокат Айман Омарова: Зорлықты тыю үшін бақылау қажет

Your browser doesn’t support HTML5

Түрмеде зорлыққа ұшырап, кейін қамауда босанған Наталья Слекишинаның бостандыққа шығуын оның адвокаты Айман Омарова "түрмеде зорлық көрген әйелдердің ісіндегі алғашқы жеңіс" деп атады. Адвокаттың сөзінше, қылмыстық атқару жүйесі саласындағы зорлық-зомбылық, азаптауға жол бермеу үшін қадағалаушы орындар тарапынан ондай жайттарға бақылауды күшейту қажет.