Жылу есептегішке тұрғындар наразылығы

Your browser doesn’t support HTML5

Петропавлдағы Жұмысшы кентінің бір топ тұрғыны үйлеріне өздерінің келісімінсіз жылу есептегіш құрылғыны орнатқанына наразы. Олар алдымен ескі үйдің жертөлесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Петропавл қаласында 1061 көпқабатты тұрғын үй бар. Бағдарлама басталғалы 637 үйге жылу есептегіш құрылғысы орнатылған.