Дауыс беру үшін кезекке тұру

Your browser doesn’t support HTML5

Алматыдағы Ресей бас консулдығы алдында таңертеңнен бастап ұзын-сонар кезек пайда болды. Жұрт мұнда Ресей президенті сайлауына дауыс беруге келді. Орал мен Петропавл қалаларындағы Ресей дипломатиялық өкілдіктерінде де адамдар кезекте тұрды. Ресей сыртқы істер министрлігі дерегінше, Қазақстанда тұратын 70 мыңнан астам ресейлік тіркелген. Жұрттың көбі бұл жолғы сайлаудан аса көп өзгеріс күтпеген: дауыс беру басталмай тұрып көпшілік бұл сайлауда кім жеңіске жететініне шүбә келтірмеген, оппозиция саяси шараны билікте отырған Владимир Путинді "қайта сайлау" деп атаған.