Доллардың қымбаттауы халыққа қалай әсер етті?

Your browser doesn’t support HTML5

Қыркүйектің 5-і күні доллар тағы 2 теңгеге қымбаттады. Алматы мен Астана қалаларында бір доллар 373 теңгемен сатылды. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Ресейге қарсы санкциялар әсерінен келесі жылы Қазақстанда инфляция деңгейі жоғарылайды деген болжам барын айтты. Доллардың қымбаттауы халық көп тұтынатын тауарлардың бағасына әсер ете ме? Азаттық тілшісі Алматы базарындағы сатушылар мен сатып алушылардың пікірін біліп көрді.