“Майкл” дауылы АҚШ-қа жетті

Your browser doesn’t support HTML5

Метеорологтардың айтуынша, желдің жылдамдығы сағатына 245 шақырымды құраған. Дауыл күштілігі жағынан бес категориялы өлшемнің төртеуіне жеткен. Оның екпіні онан сайын күшеюі мүмкін. Жергілікті билік тұрғындарды дауыл басылғанша басқа жаққа кетуге кеңес берген. Дауылға байланысты 200-ден астам авиарейс шегерілген.