"Өлтірген адамды табыңдар". Қаңтарда ұлы оққа ұшқан әкенің талабы

Your browser doesn’t support HTML5

Ақтөбедегі қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Русланбек Жұбаназаровтың қазасынан бері екі ай өтті. Бірақ полиция "террорист" деп атаған жігіттің ісі бойынша әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Адвокаты да, ата-анасы да биліктен мардымды мәлімет ала алмай отыр. Марқұм Русланбектің әке-шешесі ұлын ақтауды талап етеді.