Санитарлар жұмыстан қысқартуға наразы

Your browser doesn’t support HTML5

Қызылорда облысындағы Арал және Қазалы аудандарындағы медициналық жедел жәрдем қызметінің санитарлары жұмыстан жаппай қысқартуға ұшырағандарына наразы. Облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері барлығы 134 санитар жұмыстан қысқартылатынын айтады. Оған денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы себеп болған.