Кәсіпкерлер шағымы

Your browser doesn’t support HTML5

Арал ауданы Қамбаш көлінде туристерге қызмет көрсететін он шақты кәсіпкер Азаттыққа шағым айтты. Олардың сөзінше, «аудандық билік «демалушыларға арнап үй сала беріңдер, инфрақұрылым (жарық, су) тартып береміз, жер арендасы арзан болады» деп уәде берген». Кәсіпкерлер «оның біреуін де жасамады, бірақ аренданы 45 мың теңгеге көтерді» дейді. Ал Қамыстыбас селолық тұтыну коперативі төрағасы Алдаберген Исаевтың айтуынша, «кәсіпкерлер әлі келісімшартқа отырмаған». Ол «қаражатсыз қалай жағдай жасаймын» дейді. Кәсіпкерлер уәжі - «әуелі инфрақұрылым тартсын, шартқа сосын отырамыз». Демалушылар да көлдің санитарлық ахуалы нашар екенін айтты.