Шымкентте ұсталған күдіктінің жақындары оны кінәсіз дейді

Your browser doesn’t support HTML5

Шымкентте «қылмыстық топ құрған деструктивті діни ағым мүшелері» деген күдікпен 19 қыркүйек күні арнайы іс-шара кезінде үш адам ұсталған. Полиция «тергеу құпиялылығына» күдіктілер ісіне қатысты ақпарат таратпай отыр. Азаттық тілшісі екі айға қамауға алынған Бақытжан Ізтілеуовтің отбасына барып, күдікті туралы туыстарынан сұрап білді.