Жаңаөзен оқиғасы туралы шенеуніктер пікірі

Your browser doesn’t support HTML5

2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында полиция оғынан 16 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды. Келесі күні Шетпе кентінде Жаңаөзен тұрғындарын қолдап, жолды жапқан жұрт полициямен қақтығысып, бір адам мерт болды. Бес жыл бұрынғы оқиға туралы қазіргі парламент депутаттары мен үкімет шенеуніктері не ойлайды? Азаттық бұл сауалды олардың өзіне қойып көрді.