Бәсекелестік неге төмендеді?

Your browser doesn’t support HTML5

Дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілет рейтингінде былтыр елу үшінші орында болған Қазақстан елу жетінші орынға төмендеді. Елде бұған дейін "бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену" ұраны жиі айтылған еді. Биылғы тізімде постсоветтік елдер арасында алға жылжығандар - Ресей, Әзербайжан, Украина екен.Ал, Швейцария рейтингте тоғыз жыл қатарынан ең алғашқы орында келе жатыр. Азаттықтың Астанадағы тілшілері Қазақстан парламенті мәжілісінің кейбір депутаттарынан Қазақстанның бәсекеге қабілетінің төмендеу себебін сұраған еді.