Болатбек Біләловтің соты

Your browser doesn’t support HTML5

13 қаңтарда Астана қаласы Сарыарқа аудандық 2-сотында "алауыздық тудырды" деп айыпталған қоғам белсендісі Болатбек Біләловке қатысты сот процесі басталды. Істі жүргізіп жатқан судья Назгүл Бапақова журналистерге видеоға алғашқы сот отырысының басы мен соңын ғана түсіруге рұқсат берді. Бұған қоса судья «сот ісін жүргізуге кедергі келтіреді» деген себеппен ашық сотқа келушелердің отырыс кезінде ұялы телефонға видео және аудио жазуына тыйым салды. Сот отырысына қатысқан жүз қаралы адамның арасында АҚШ, Германия және Нидерланд елшіліктерінің өкілдері болды. Біләлов өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын және істі "саяси" деп танитынын мәлімдеді.