Астанада 9 мамырды қалай атап өтті?

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюға келгендер арасында Ауған соғысына қатысқандар мен Чернобыль апатынан кейін сонда жұмыс істегендер бар.

Қазір Астанада Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жеті ардагер ғана қалған. Ал Ауған соғысының ардагерлері олардың "ізбасарына" айналғандай. Оларға балалар гүл беріп, "жеңіс үшін" алғыс айтып жатты.

Ауған соғысына барғандар Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарға құран бағыштап тұр. 

Мәңгілік алау маңында жалаушалар мен советтік символикалары бар бас киімдер сатып жүргендер бар. Кейін дипломатиялық делегациялар келеді деп полиция сауда сатып жүргендерді басқа жаққа жіберді. 

Ресми гүл қою рәсімі алдында каратэші балалар машықтарын көрсетті. 

Мерекеде советтік әскери форма киген адамдар көп болды. 

Әскери форма киген балалар да көп жүрді. Қазақстанда жұрт Украинада соғыс болып жатқанда және Ресей 9 мамырды пропагандаға пайдаланатын кезде балаларға әскери киім кигізу қаншалықты дұрыс деген мәселені жиі талқылайды. 

Гүл қоюға келе жатқан бала. 

Ескерткіш алдында суретке түсіп жатқан балалар. 

Қазақстанда биыл "Мәңгілік полк" шарасы ұйымдастырылмаса да, кейбір адам ескерткіш маңына соғысқа қатысқан туыстарының суретін алып келді. 

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан туысының фотосын ұстап тұрған әйел.

Георгиев лентасы мен жалау ұстаған ер адам. 

Мәңгілік алау алдында ән салып тұрған жұрт. 

Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан дипломаттары да алауға гүл шоқтарын қойды. 

Ресейдің әскери-теңіз флотының формасын киген ер адам гүл қоюға келді. 

Жеңістің 79-жылдығына арналған велошеруге келгендер. 

Мәңгілік алау маңы.

Қызыл тумен кетіп бара жатқан көлік. 

Астанада 9 мамыр Жеңіс күні тұрғындар мен дипломатиялық өкілдер Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойды.