Қазақстан спортшылары финалсыз қалған күн

Шорт-тректен 5000 метрлік командалық эстафетада Қазақстан құрамасы финалға шыға алмады. Команда мүшесі Еркебұлан Шамуханов жарыста құлап, көп уақыт жоғалтып алды.
13 ақпан 2018 жыл. 

Шорт-трекші Еркебұлан Шамуханов жарыста құлаған сәт. Қазақстан шорт-трек құрамасы енді 5-8 орын үшін сынға түседі. 13 ақпан 2018 жыл. 

Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин (13-нөмерде) спринт жарысында финалға шыға алмады. Нәтижесінде 17-орын алды. 13 ақпан 2018 жыл.

Алексей Полторанин алда әлі үш жарысқа қатысады. Шаңғышы 50 километрге классика әдісімен жүгіру марафонында "барын салатынын" айтады. 13 ақпан 2018 жыл.

Тау шаңғысынан сынға түскен қазақстандық Игор Закурдаев үздік отыздыққа ене алмады. 13 ақпан 2018 жыл.

Қазақстандық конькиші Денис Кузин (көк формада) 1500 метрлік жарыста 30-орын алды. Ол жеңіске жеткен голландиялық Кьелд Нейстен бес секундқа қалып қойды. 13 ақпан 2018 жыл.

Денис Кузин жарыс жолында. 13 ақпан 2018 жыл.