Макс Боқаев пен Талғат Аянның соты

Your browser doesn’t support HTML5

Атырауда жер реформасына қарсы митинг ұйымдастырды деп айыпталып қамауға алынған Макс Боқаев пен Талғат Аянның ісі бойынша сот өтіп жатыр. Бүгін олар сотқа қатысудан бас тартып, жазбаша талап-арыз түсірді. Олар сотқа Астанадан жауап беретін куәгерлерді әкелуді сұрады. Сотталушылар техникалық мүмкіндіктің кемдігі салдарынан оларды есту мүмкін емесін, ал куәгерлердің қозғалысына шектеу қойылмағанын айтты. Олардың бас тартуын адвокаттары да қолдап, сотқа қатысудан бас тартқан. Атырау. 18 қазан, 2016 жыл.