"Конституцияны бұзды". Саясаткер Балташ Тұрсымбаев сот пен полицияға наразы

Your browser doesn’t support HTML5

18 қарашада Алматы қалалық сотының судьясы Інжу Уәлихан оппозициялық белсенді Балташ Тұрсымбаевтың №2 Алмалы аудандық сотының ұйғарымын жоюды талап еткен апелляциялық шағымын қанағаттандырмады. Балташ Тұрсымбаев "полицейлер 9 және 12 маусымда мені заңсыз ұстады" деп №2 Алмалы аудандық сотына шағымданған. Бірақ аудандық сот "полицияның әрекеті заңды" деп бұл шағымды қараудан бас тартып, ұйғарым шығарған. Кейін Тұрсымбаев аудандық соттың ұйғарымын жоюды талап етіп, Алматы қалалық сотқа арызданған.