"Сот Байбек дегенді естісе тітіркенеді". Базар жерінің дауы басылмай тұр

Your browser doesn’t support HTML5

Бауыржан Байбектің әкесі, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы Қадырғали Байбекпен серіктес болған кәсіпкерге Алматыдағы базар жері жалға берілгені естеріңізде болар. Базар әкімшілігі мұны "рейдерлік жолмен жерді басып алу" деп, жерді сотта даулап келеді. Бірақ күз басында сот әкімдікті жақтап шешім шығарды.