Болат Әбілевтің саясаттағы күндері

Болат Әбілев (сол жақта) Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге тұр. Бұл кезде ол кәсіпкерлікпен айналысып жүрген еді. 1990 жылдар.

Болат Әбілев (оң жақтан үшінші) "Әділетті Қазақстан үшін" оппозициялық қозғалысының жетекшілерінің бірі ретінде баспасөз мәслихатын өткізіп отыр.  Алматы, 2005 жыл.

Сотпен қуғындалып жатқан "Нағыз Ақ жол" партиясының жетекшісі Болат Әбіловті қолдап, акцияға шыққан әйел. Алматы, 10 желтоқсан 2006 жыл.

Оппозициялық саясаткер Болат Әбілев (сол жақта) іздеу салынған қазақстандық кәсіпкерге Украинадан саяси баспана алуға көмектесті деген айыппен сотқа тартылды.  Алматы, 22 мамыр 2009 жыл.

Болат Әбілев, "Азат" партиясының төрағасы, сөз бостандығын қорғауға арналған наразылық шарасында сөйлеп тұр. Алматы, 24 маусым 2009 жыл.

Болат Әбілев (оң жақтан бірінші) оппозиция жетекшілерімен бірге парламент сайлауы нәтижесіне наразылық ретінде "Нұр Отан" партиясының плакатын өртеп тұр. Алматы, 17 қаңтар 2012 жыл.

Оппозицияның наразылық шарасында сөйлеп тұрған Болат Әбілев. Алматы, 28 қаңтар 2012 жыл.

Болат Әбілев Ресей оппозициясының Мәскеудегі наразылық шарасында сөйлеп тұр. 12 маусым 2012 жыл.

Болат Әбілев Қазақстанның Еуразиялық Одаққа кіруі мәселесіне қатысты жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтерді. Алматы, 16 наурыз 2013 жыл.

Оппозициялық саясаткер Болат Әбілев.