Қытай президентінің Францияға сапары кезінде жүздеген адам шеруге шықты

Your browser doesn’t support HTML5

Қытай президенті Си Цзиньпиннің Францияға сапары кезінде 25 наурызда жүздеген азамат Париж орталығына жиналып, наразылық акциясын ұйымдастырды. Шерушілер Қытайдың мұсылмандарды қуғындауын айыптап, тибеттіктерді қорғай сөйлеген. Шеруге келген азаматтар бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макроннан қытайлық әріптесін адам құқығын қорғауға шақыруды сұрағанын айтқан. Өткен жылы БҰҰ Шыңжаңдағы "саяси тәрбиелеу орталықтарында" миллионға жуық мұсылман "еркінен тыс" қамауда отырғанын мәлімдеген.