Комсомолдың 100 жылдығын атап өту дұрыс па, бұрыс па?

Your browser doesn’t support HTML5

Қазанның 20-сы күні Алматыдағы опера және балет театрында бұрынғы комсомолдар жиналып, форум өткізді. Сахнаға құрметті қарауыл саппен әкелген комсомол туы мен Ленин орденін қол соғып, түрегеп қарсы алғандар бұл форумды "өткенді еске алу" деп түсіндірді.