Мөлдір Адылованы 15 күнге қамады

Your browser doesn’t support HTML5

Алматының ауданаралық мамандандырылған соты қала тұрғыны Мөлдір Адылованы «әлеуметік желіде көпшілікті жер мәселесі бойынша митингіге шақырды» деген айыппен 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Мөлдір Адылова бұл айыппен келіспей, «Қазақстанның патриоты ретінде жер мәселесіне қатысты жеке пікірін білдіргенін» айтты. Жалпыхалықтық митинг өтеді делінген 21 мамыр қарсаңында ел бойынша он шақты адам 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамалды. Алматы, 18 мамыр 2016 жыл.