"Қайтадан төтенше жағдай енгізу қажет болады". Алматыдағы ахуал қандай?

Your browser doesn’t support HTML5

Қазақстанда карантин тәртібі жеңілдетіліп жатқанда коронавирус жұқтырғандар көбейе түсті. 21 мамырда антирекорд орнап, тәулік ішінде 363 адамнан вирус анықталды. Сарапшы бұған жұрттың карантин ережесін сақтамауы себеп дейді. Ал тұрғындардың кейбірі коронавирус барына сенбейді, енді бірі амалсыз жұмысқа шыққанын айтады.