Зайсандықтар "Қытайдан келгендерді карантинге жатқызбауды" талап етті

Your browser doesn’t support HTML5

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы тұрғындары «Қытайдан келген азаматтарды карантинге жатқызуға» қарсы шықты. «Билік шекараны жапсын» деп талап қойды. Олар Майқапшағай шекара бекетінен өткен жолаушыларды ауылдағы емханаларға әкеледі дегенді естіп, кеше де наразылық білдірген. Наразы халықпен облыс әкімі Даниал Ахметов кездесті.